Еңбектері еленді

Пандемияның алғашқы толқыны соққан кезде ауданымыздың азаматтары, қоғам белсенділері, еріктілері індеттің таралуын тоқтатуға, оны жұқтырғандарды емдеуге қажетті деген құралды алуға жұдырықтай жұмыла білді.

Тіпті сақтық шараларын сақтауға шақырып, карантин ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасады. Олардың осы еңбектері еленіп, Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Төтенше жағдай кезінде міндеттерін адал орындағаны үшін» естелік белгілерімен марапатталды.

Нақтырақ айтқанда, запастағы ефрейтор Шыңғыс Айдаров, Макешов Оралбай, Едіге Зинешов, запастағы қатардағы жауынгер Нұрбек Ерғалиев, Нұртас Сариев, Болат Габдуғалиев, Ербұлан Самиғолла төтенше жағдайдың алдын алу кезінде облыстық жиынға қатысып, міндеттерін адал атқарғаны үшін осы марапатқа лайықты деп танылды.

Пандемияның алғашқы кезінде олар облыс орталығындағы бекеттерде қызмет етіп, енді бірі дезинфекциялау шараларына атсалысқан. Марапат сол еңбектеріне берілді.

Аталған марапатты аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Е.Қабақов өз қолымен табыстады.

Д.ҚАБИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз