Елу мың елдің қолына тиді

Ғаламды шарпыған пандемия жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайына да кері әсерін тигізіп жатқаны жасырын емес. Осыған орай еліміздегі «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біз біргеміз» акциясы аясында көмекке зәру азаматтарға қаржылай қолдау көрсету тапсырған болатын.

Міне, бір жолғы көмек алғандардың қатарында индерлік, ағайынды Қабыл және Қабес Қапаровтар бар. Тағдыр тауқыметін ерте тартқан, өздіктерінен жүріп-тұра алмайтын өзгенің көмегіне мұқтаж І топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қарасып отырған жеке көмекші жетпіс жастағы Жалғасбай Бозшиев бауырларына көрсеткен көмекке ризашылығын білдірді.

-Мен өзім мүмкіндігі шектеулі екі адамды бағып отырмын. «Нұр Отан» партиясы 50 мың теңге қаражатпен көмектесіп жатыр. Көп-көп рахмет айтамын. Әруақытта әлеуметтік саланы дамытуға бәріміз бірігіп атсалыссақ әлі де болса мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайы жақсарар еді,-дейді жеке көмекші Жалғасбай Бозшиев.

Екі бірдей мүмкіндігі шектеулі азамат әр уақытта көмекке зәру. Алпыстан асқан Қабылдың өзіне жеке баспана қажет. Бұл бағытта аудандық партия филиалы тиісті жұмыстарды атқаруды назарға алмақ. Жалпы партия тарапынан беріліп жатырған бұл көмектен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың қай-қайсыда үмітті. Осы сұрақ төңірегінде аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары иісті түсінік берді.

-Еліміздің тұңғыш президенті, партиямыздың төрағасы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамасымен біргеміз акциясы ұйымдастырылған. Сол бағытта бүгінгі күні ауданымызда аз қамтылған семьяларға көмек көрсетілуде. Бүгінгі күні 50 мың теңгеден алып ризашылықтарын білдіруде,-дейді филиал төрағасының бірінші орынбасары Өтепберген ОРАЗҒАЛИЕВ.

Осылайша, тұрмысы төмен отбасыларға, бірінші топтағы мүгедектерге, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға, ең төменгі зейнетақы және базалық зейнетақы алатын азаматтарға, жетім балаларға, асыраушысының бірінен айырылған балаларға, Ұлы отан соғысының ардагерлеріне, осы санатқа теңестірілгендерге, тыл еңбеккерлеріне берілетін көмекті аудан бойынша 1100 адам алады деп жоспарланып отыр.

С.КӨШЕК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521