Елімнің ертеңі үшін дауыс бердім

С.Сейфуллин атындағы орта мектепте орналасқан №121 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Әлия Дәулетияр Серікқызы дауыс берді. Ол кенттегі "Айналайын" бөбекжайында тәрбиеші болып қызмет атқарады екен. Сайлаушының айтуынша, Атом электр стансасын салу мәселесімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты халыққа Жолдауынан және де басқа мәлеметтерден таныс екендігін атап өтті. — Елдің ертеңі үшін қажет нысанның салынғаны жөн деп санаймын. Сондықтан да еліміз үшін маңызды күні ертемен келіп дауысымды беруді азаматтық парызым санадым, —деді ол. С. Сансызбайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT