Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі

Жақында аудандық жаңа мәдениет үйінде қосымша білім беру саласының 100 жылдығына орай «Қосымша білім беру педагогінің шығармашылығы» тақырыбында  форум өтті.

Мақсаты – қосымша білім беру саласы қызметінің тиімділігін арттыруға үлес қосып жүрген педагогтардың шығармашылығын дәріптеу, мәртебесін көтеру.

Алдымен сахнаға көтерілген аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Гүлайым Жаңбырбаева қонақтарға қош келдіңіз айта отырып, форум жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, қосымша білім берудің негізгі сферасы педагогтар екенін тілге тиек ете келе, ауданда үш қосымша білім беру мекемесі, яғни аудандық өнер мектебі, оқушылар шығармашылық орталығы және «Жарсуат» балалар саз мектебі жұмыс жасайтындығын жеткізіп, онда 68 педагог 1165 оқушы білім беретіндігін мәлімдеді. Олар бүгінгі таңда халықаралық, республикалық, облыстық сайыстардың жеңімпаздары екендігін де сөз етті.

Форум барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен аудандық өнер мектебінің мұғалімі Құралай Досымова, ал облыстық білім беру басқармасының алыс хатымен оқушылар шығармашылық орталығының мұғалімі Асылбек Қоңыров пен «Жарсуат» балалар саз мектебінің мұғалімі А.Өтебалиева марапаттады. Ал шығармашылық ізденісімен танылған педагогтар Сұлтан Қияқбаев, Берікқали Төлеуғалиұлы, Гүлдәурен Қарабаеваға бөлімнің алыс хаты табыс етілді.

Материалдың толық нұсқасын "Дендер" газетінің 4.10.18 ж. №40 (8191) санынан оқи аласыздар.

 

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика