«КАЗИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ұйымдастыруымен Индер аудандық орталық саябақта «Disco.Karaoke.Dance» шарасы өтті.
Ауданға оқу орнының құрылтайшылары мен студенттері арнайы келіп, әуелі өздері ту ралы ақпарат беріп, қандай мамандықтар бойынша білім беретіндігін, оқу орнының инновациялық-техникалық бағыттағы мүмкіндіктерін таны стырды. Одан соң шара жастар арасында караоке бағытында өрбіді. Кешенге екі цифрлық кол ледж, бір жоғары техникалық республикалық колледж, «АН ДАС» оқу орталығы, ІТ лицей, Ал маты қаласындағы бизнес және басқару колледжі және универ ситет кіреді. – Жазғы уақытта Оралдың барлық аудандарына, Ақтөбе, Ақтау қаласына және көршілес Индер, Махамбет ауданда рына келіп, ғылыми-кешеннің бағытымен таныстырып жүрміз.
Бізде робототехника, майнинг ферма, смартюрта, дрондар бойынша көптеген бағыттар бар. Соңғы бес жылдан бері жа стар талабына сай инновациялық ғылыми жұмыстарымызды көрсетіп, университет пен кол леджге талапкерлерді тарту және біздің тәжірибемізді көріп өздері де осындай техникалық мамандықтарды игерсе де ген мақсатымыз бар. Жаста рымыз ІТ, нанотехнологияны білсе, жұмыссыз қалмасы анық, әркез сұранысқа ие маман бо лады. Экономика, гуманитарлық сала болсын инновациялық, техникалық бағытты білуі қажет. Бүгін профессорлық оқытушылық құрам мен 7 студент, нигериялық студентімізді алып келдік. Жастардың қызығушылығы жоғары екені қуантады, - дейді республикалық жоғары техникалық колледжінің дирек торы, құрылтайшының орынба сары Аида Маратова. Шара соңында құрылтайшының орынбасары Аида Маратова аудан жұртшылығына ризашылығын білдіріп, аудан әкіміне «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы А.Әйтімовтің Алғыс хатын табыс етті.
Ж.НАРИМАНОВА