Әділдік пен ашықтық аясында

Аудандық сотта сот төрағасының міндетін атқарушы Әділ Құспанов БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен жылдың жұмысын қорытындылап, брифинг өткізді.

Ең алдымен сот төрелігі сапасын арттыруда, азаматтардың талап-өтініштерінің заң шеңберінде қаралуын қамтамасыз етуде, соттың ашықтығы мен халыққа қолжетімділігін насихаттау, соттардың жұмысының шынайылығын халыққа жеткізу мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылып келетіндігіне тоқталды.

Атап айтсақ, аудандық сотқа былтыр азаматтық іс бойынша барлығы 297 арыз түскен. 241 азаматтық іс аяқталып қаралса, келесі кезеңге 5 азаматтық іс қалдыққа қалған, оның ішінде шешім шығарылғаны 77 іс. 39 азаматтық іс бұйрық шығарумен, 108 азаматтық іс қысқартумен тоқтатылса, оның ішінде төртеуі бітімгершілік келісіммен, 104 азаматтық іс медиация тәртібімен шешілсе, 17 іс қараусыз қалдырылған, 45 іс қысқартылған тәртіппен қаралса, біреуіне жекеше ұйғарым шығарылып, жауабы түскен.

Ал, өткен жылы 15 адамға қатысты түскен 14 қылмыстық істің ішінде 2 іс онша ауыр емес, 6 іс ауыр, 4 орташа ауырлықтағы қылмыстық істер санатына жатады.

Сонымен қатар, тергеу судьясының іс жүргізуіне 50 жадығат түсіп қаралған. Оның ішінде 3 жадығат үй қамаққа алу, 1 тінту, 1 санкциясыз алуды тексеру және 45-і алуды санкциялау туралы болып табылады. Әкімшілік істер бойынша сотқа 439 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түсіп, 405-і әкімшілік жауапқа тартылған тұлғаларға қатысты, 31 әкімшілік іс бойынша іс жүргізуі тоқтатылған.

Әкімшілік жаза көрсеткішіне келер болсақ, 139 тұлғаға әкімшілік айыппұл, 72 тұлғаға ескерту, 169 тұлғаға әкімшілік қамақ, 47 тұлғаға көлік құралын жүргізу құқығынан айыру, 22 тұлғаға ҚР жерінен шығарып жіберуді шектеу, 2 іске қайтадан сарап[1]тама жасалса, 1 іс ҚР ӘҚБтК-нің 742 бабына сәйкес, қылмыстық заңнамада көзделген қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болуына байланысты материал прокуратураға жолданған.

Сот саласында заманауи технологияларды қолдану және сот ісін жүргізудің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін «SMART сот» жобасы аясында МВКС, ВКС, whatsapp желісі арқылы барлығы 1388 іс қаралған.

Жалпы, сот жүйесін ақпараттық сүйемелдеу аясында "дөңгелек үстел", семинар сабақтар, брифинг, пресс-конференция, сұхбаттар жиі өткізіліп келеді. Атап айтсақ, газет бетінде 21 мақала, сот қызметі жайлы 23 дайджест, Атырау облыстық сотының сайтында 7 ақпарат, әр түрлі өзекті тақырыптарда 2 брифинг, 1 пресс-конференция өткізіліп, телеарнаға 2 сұхбат берілген.

Брифинг соңында сот төрағасының міндетін атқарушы Әділ Құспанов алдағы уақытта да сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру бағытында атқарылатын жұмыстарды атап өтті.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521