Редакция үшін ауыр қаза болды

Сексен бес жылдан астам тарихы бар, аудан айнасы, жаңалық жаршысы Индер аудандық «Дендер» газеті редакциясы орны толмас ауыр қазаға ұшырады.

Саналы ғұмырын баспасөз саласына арнап, киелі қарашаңырақ «Дендер» газетінде ұзақ жыл еңбек еткен қарымды қаламгер, ауданның Құрметті азаматы Көшек Ерсайын Көшекұлы 81 жасқа қараған шағында мәңгілік сапарға аттанды. Ол - тумысынан табиғаты таза шығармашылық өкілі. Біраз уақыт журналистика саласында еңбек еткен абыз ағаның қаламынан туған мәдениет пен руханият тақырыбындағы құнды дүниелері өз оқырмандарын тапты.

Сонымен қоса зейнеткерлік жасқа шыққанға дейін аудандық Мәслихат хатшысы қызметтерін атқарды.Оның қаламынан туған «Дендерде өтті күндер», «Дала дидары», жақында ғана жарыққа шыққан «Жетілген» атты кітаптары оқырман қауымынан жоғары бағасын алса, 2006 жылы «Индер ауданының шежіресі» кітабын құрастырушы, редакторы болды.

Иә, кешегі жақсы мен жайсаңдардың жалғасы болып, бүгінгі жақсылардың қатарын толықтырып жүргендердің бірі де бірегейі өзі еді. Бекзат болмысты, адамгершілі мол, көркем мінезді, еңбекқор, журналистика ардагері Ерсайын Көшекұлының ақ пейілді жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгіге сақталмақ.

Редакция ұжымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз