Индербор кентіндегі Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің ғимаратында № 110 референдум учаскесі орналасқан.
Сағат 7.00 болмай барғанымызда референдум учаскесінде дауыс берушілерге тиісті жағдайдың бәрі жасалып қойыпты.
Сағат 07.00-де дауыс беру салтантты түрде еліміздің Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталды. Салтанатты жиынды учаске төрағасы Айман Меңдігереева ашып, игі тілегін арнады. Алғашқы олып дауыс берген кент тұрғыны Жарылғап Габдуллинге кітап сыйлады.
Референдум — мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігі. Сондықтан өз құқығыңызды қолданып, биылғы жылдың басты оқиғасынан тыс қалмаңыз, оқырман!
Еске сала кетейік дауыс беру сағат 07.00-ден басталған референдум 20.00-ге дейін өткізіледі.
С. САНСЫЗБАЙҰЛЫ