«Дария кеуде, тау мүсін, Қарттарым, аман саумысың?!»

Индер ауданы Елтай ауылында қазанның алғашқы күні халықаралық қарттар мерекесіне арналған "Дария кеуде, тау мүсін, Қарттарым, аман-саумысың?" атты онлайн кеш өтті.

Мерекелік кештің шымылдығын округ әкімі Хасанов Олжас Бейбітұлы ашып, одан әрі ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынов Нәсіпқали Сағынұлы мерейлі жасқа толған қарияларға алғыс хат атап, шаңырақтарында табыстауға үндеді.

Кеш барысында, өнегелі - отбасы Әбдіғалиевтар, өнерлі отбасы - Масаевтар, және де мерейлі отбасы - Жәмиевтар сынды кештің қадірлі қонақтарын ортаға шақырып, өмір және еңбек жолдары мен үйдегі бала-немере тәрбиесі жайлы сұрақтар қойылды. Ауылдың өнерлі өнерпаздары әндерімен әуелетіп, өлеңдерін жаудыртты.

Кеш соңында қадірлі меймандар бата айтып, барша қарияларды келіп жеткен мерекелерімен құттықтады.

А. Тұрғалиұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз