"Дала дидары" Индер төрінде

"ДАЛА ДИДАРЫ" ИНДЕР ТӨРІНДЕ

Мереке қарсаңында ауданымызда Батыс Қазақстан облыстық Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының «ДАЛА ДИДАРЫ» көшпелі өнер ұжымының концерті өтті.

Концертті «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, жазушы-журналист Бауыржан Ғұбайдуллин жүргізіп, өнерпаздарды хабарлап, әр әннің тарихымен таныстырып отырды.

Алдымен ледэкраннан орталық туралы бейнебаян көрсетіліп, одан соң жоба жетекшісі Бауыржан Халиолла өнер ұжымының алдағы уақыттағы шығармашылық сапарларына тоқталып, өнерпаздарды құшақ жая қарсы алған дендерліктерге алғыс білдірді.

Іс-шара барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Какимов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Дастан Есентеміров, Ернар Өмірәлі, республикалық конкурстардың лауреаттары Альберт Ғазизжанов, Мәди Сабыров, Ерлан Қуанышев, Әділ Ахметов және «BatysStar» тобы Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған бірқатар әндерді орындады.

Кеш соңында аудан әкімі Дарын Шамұратов өнер ұжымына Алғыс хат пен ықылас гүлін табыстап құрмет көрсетті. Өз кезегінде Қадыр орталығының директоры аудан әкіміне ықылас-ниетін Алғыс хатпен жеткізді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521