ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің саптық алаңында «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» тақырыбында ашық есік күні өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. Шекара қызметінің имиджін көтеру мақсатында ұйымдастырылған шараға К.Дутбаев атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің 70-ке жуық студенті және шекарашы жеке құрам қатысты. Бұл күні шекарашылар шоғырланған қызмет орнына алғаш аялдаған білім алушылар жасылкүнқағарлардың жауынгерлік қызметінен ақпар алып, қолданыстағы қару-жарақ түрлерімен танысты. Тәрбиелік, идеологиялық жұмыстар бөлімінің мұрындық болуымен өткен мұндай мазмұндағы кездесулер алдағы уақыттарда жалғасын таппақ.
«Біртұтас ұлт – біртұтас әскер»
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 478