БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІК БАСТАУЫ

Бүгін мәдениет үйінде Конституция күніне орай салтанатты шара өтіп, онда аудан әкімі Мейірім Қалауи аудан халқын мерекемен құттықтады.

-Конституцияның еліміз үшін алатын рөлі өте зор. Себебі, адамдардың қоғамдағы қарым-қатынасын, мемлекеттік және Заң шығарушы органдар мен сот орындарын қатынасын реттейтін ең басты негіздерін қалайтын осы біздің – Ата Заңымыз. Осыдан 24 жыл бұрын бұл Ата Заңымыз қабылданған кезде еліміздің қандай қыстау кезеңінде болғанын көз көрген қариялар жақсы біледі. Сол кезде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев дұрыс саяси шешім қабылдап, елімізді Президенттік басқарау модельіне көшіру ұсынысын жасаған болатын. Содан бастап елімізде екі палаталы парламент, Тәуелсіз сот пен құқық қорғау жүйелері, жергілікті атқарушы өкілетті органдардың жаңа жүйесі қалыптасты. Енді 24 жыл өткенне кейін қабылданған шешімнің дұрыс болғанын және елімізді даму жолына түсіргенін көріп отырмыз,-деп сөзін ізгі тілегімен түйіндеді.

dsc_1516

 

Сонымен осы күні аудандық мәлихаттың 2019 жылғы 27 тамыздағы №309-6 шешімімен «Индер ауданының Құрметі азаматы» атағы аудандық денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар еңбек еткен дәрігер-хирург, марқұм Құрақ Иманғазиевқа беріліп, оны Марал Құраққызына табыстады. Өз сөзінде марапат иесі өзі жоқ болса, әкесіне көрсетілген құрметке ұрпақ атынан алғысын жаудырды.

Сонымен қатар аудандық көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің өндірістік оқыту шебері Қайырғали Таудаев облыс әкімінің, Өрлік ауылдық пошта бөлімінің басшысы Аққалжан Сапарова, кент әкімдігінің әлеуметтік қызметкері Ингал Шайдуллина, Индер желілік техникалық учаскесінің жергілікті байланыс электромонтері Гайдар Ғабдсалимов аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды.

dsc_1537

Сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров мерекемен құттықтап, облыстық мәслихаттың Алғыс хатын «ИндерГаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» МГБҚ Индер газ тасымалдау шаруашылығының аға шебері Саясат Сапаров пен аудандық орталық кітапхананың бөлім меңгерушісі Зоя Нұрғалиеваға, ал аудандық мәслихаттың Алғыс хатын аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің жол және техникалық инспекциясы тобының аға мемлекеттік автоинспекторы, полиция аға лейтенанты Алмас Жұмабайға, облыстық тарихи-өлкетану музейінің аудандық бөлімшесінің қызметкері Маруса Кузайроваға, аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас есепшісі Зәмзагүл Супалиеваға, «ИндерСу» мекемесінің қызметкері Гүлсім Жұмашеваға табыс етті. Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының концерттің бағдарламасына ұласты.

dsc_1545

dsc_1508

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521