Бірінші өзімізді жарылқап алайық

Қазақстан – экономикасы көп ретте шикізатқа негізделген. Десек те осы саланың күре тамырына қара алтыннан өнім де өндіріп отырмыз. Ол – жанар жағармай, дизель отыны. Оның құны көршілес өзге елдерге қарағанда көп арзан. Бұл жағдайды іргелес мемлекеттер пайдаланып, бөшкелеп тасымалдап кетуде. Әрине, бұл еліміздегі жанар-жағармай тапшылығын туғызатыны анық. Үш мұнай өңдеу зауыты қайта жаңғыртылып, өнім өңдеу бірнеше есе артқанымен, ішкі сұраныс әлі толық өтелмей отыр. Себебі Қазақстанда бензин мен дизель отыны құнының төмендігін көріп, оны арзан бағаға алып, өз елінде қымбатқа сататын алыпсатарлар көбейді. Қазақтың бензині мен дизель отыны өзіндегі жетпестіктің орнын жабудың орнына, делдалдың қалтасын қампитып, сыртқа кетіп жатыр. Оның үстіне, бағаның төмендігі саланың жеткілікті түрде дамуына айтарлықтай әсер етіп келеді. Өңделген өнім мен оны тасымалдау, сату шығындары, негізінен, өзін өзі өтеп тұрса ғана жүйелі жұмыс жасап тұратыны анық. Мәселен, газдың тым арзан болғаны оны өндіріп, өңдеп, тасымалдайтын осы саланы болашақта тығырыққа тіреуі әбден мүмкін. Өйткені кіріс аз, шығыс көп. Сондықтан, ең алдымен, көршілерді емес, өзімізді жарылқап алуымыз қажет. Бұл орайда саланың келешегін ойлаған Үкімет басындағы азаматтардың қабылдаған шешімі дұрыс ұйғарым деп санаймын.

Мағзым Қанатбайұлы,

жүргізуші

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз