28 сәуір күні "1 Мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі" күні қарсаңында балалардың қатысуымен ашық сабақтар мен түсінік жұмыстары өткізілді.
Күнделікті сабақ аясында балалар дефектологтің, логопедтің, психологтың түзету-дамыту жұмыстарына, емдік дене шынықтыру (ЛФК) жаттығуларына және еңбек сабақтарына белсене қатысты. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман мен тәрбиешілер ұлттар достығы, бірлік пен ынтымақтың маңыздылығы туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара балалардың таным көкжиегін кеңейтіп, достық пен сыйластық сезімін нығайтуға ықпал етті.
Мекеме атынан барша Қазақстан халқын 1 Мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бірлігіміз артып, елімізде тыныштық, татулық пен бейбітшілік орнасын!
Жөкен Айнагүл
,,Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының
күндіз болу бөлімшесі" КММ-сі директоры