Білікті маман –мемлекеттік қызметтің беделі

Тұңғыш Президентіміз 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады.

 Тұңғыш Президентіміз 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Өз сөзінде: «жастар – еліміздің заманауи әлемде бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы»деп атап өтті. Яғни, еліміздің жастары- елдің басты байлығы, болашағы. Сондықтанда оларға үлкен үміт артылып отыр. Қазіргі таңда өңірімізде 3000-нан аса мемлекеттік қызметшілер бар. Оның 1596-ы​ жергілікті атқарушы органдарда еңбек етуде.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметкерлердің беделі артып, мемлекеттік аппаратта қызмет етуге ниет білдірушілердің қатары да артып келеді. Оның ішінде жас мемлекеттік қызметшілердің саны күннен-күнге өсіп келе жатқанын айтуға болады. Статистикалық мәліметке сүйенсек, облыста 29 жасқа дейінгі 412 мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Ал, 2018 жылы еңбек еткен мемлекеттік қызметшілер саны 383 бірлікті құрады. Кез-келген азамат өзінің іскерлік қабілетін, парасат-пайымын танытуы арқылы болашағын қалыптастырады. Ең бастысы, құлшыныс, туған елге, туған жерге қалтқысыз қызмет етуге шынайы ниет болуы қажет. Ел мүддесі, халық игілігі бәрінен жоғары тұрғанда ғана нәтижелі жұмыс болады. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы іспетті. Оның ар-ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды. Халық сенімі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап нығаяды. Сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметші өз орнында халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті мәселелерін заң аясында шешуі талап етіледі. Жергілікті мемлекеттік органдарда жас ерекшеліктеріне сәйкес қызмет атқаратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілер құрамы:

Жас мемлекеттік әкімшілік қызметшінің саны – 412 (25,8%)

Орта жастағымемлекеттік қызметшілер – 846(53%)

50-жастан асқандар қатары – 340(21,2%)

Облыста мемлекеттік қызметте жүрген 1462 адамның жоғары білімдері бар, ал, 136 адаморта білім алғандар. Өңірде Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған үш магистр және «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елден білім алған төрт түлек, ғылыми дәрежесі бар екімемлекеттік қызметші жергілікті мемлекеттік органда еңбек етеді.​ ​ Бүгінгі таңда жылдам дамып, сәт сайын өзгеріп отырған қоғамда қордаланып қалған, күрмеуі қиын мәселелер аз емес. Сонымен қатар, жастардың алдына да қойылып отырған мақсат-міндеттер​ жетерлік. Тығырықтан шығудың жалғыз жолы – білімді ұрпақ. Бүгінгі жастардың бақытына орай, бізде тегін білім алып, ғылыммен шұғылданып, идея бөлісіп, оны жүзеге асыруға толық мүмкіндік жасалған.

Шолпан Қайненова,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті,

Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521