Білікті маман – ел болашағы

Еліміздің жан-жақты дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы үшін басты жауапкершілік мемлекеттік қызметшілерге жүктелетіні белгілі. Осы орайда соңғы сегіз жыл бойы Тұңғыш Елбасының Жарлығымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні ретінде аталып өтіп келеді. Иә, қазір ауданда халыққа қызмет ету жолында мемлекеттік мекемелерде еңбек етіп жүрген жастар жетерлік. Солардың бірі аудандық құрылыс бөлімінің бас маман-есепші – Ләззат Көргенова.

Кейіпкеріміз «Көктем» қазақ орта мектебін бітіріп, 2008 жылы Атырау қаласындағы мұнай және газ институтынан «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығын алып шығады. Осы мамандықпен алғашқы еңбек жолын «Батыс-Ел» ЖШС, кейін «BIAS TECH» ЖШС, 2015-2016 жылдары аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде, 2016-2020 жылдары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясында еңбек етсе, қазіргі таңда аудандық құрылыс бөлімінде бас маман-есепші болып еңбек жолын жалғастыруда.

Әрине, сала жұмысын дамытуда есепшілердің біліктілігін арттыру семинарлары маңызға ие екені белгілі. Осы ретте есепшіліктің қыр-сырын жақсы білетін бас есепші Ләззат Ахметқызы да біліктілігін арттыру курстарынан өтіп тұрады. Одан бөлек, үлгілі әрі жемісті қызметі үшін 2019 жылдың қорытындысымен «Қаржы саласының үздігі» атанды. -Жас болған соң, оның үстіне талабы жоғары мемлекеттік қызметте қиындықтар өте көп.

Бірақ соның бәріне мойымай, ізденіспен, жаңашылдықпен еңбек ету – біздің басты мақсатымыз. Бүгінде мен мүмкіндігім мен біліктілік деңгейіме сай, сонымен бірге қатарлас мемлекеттік қызметтік тәжірибесінде әбден шыныққан әріптес аға-апаларымнан көп нәрсе үйреніп, санама түйіп, еңбек етудемін. Қазіргі уақыт - адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындыратын заман. Олай болса, бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, осыған зейін қоюда. Осы орайда барлық әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілеймін,-дейді ол.

Д.АЙБАР

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз