Әбілқайыр топ жарды

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» мәдениет кешенінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқау қорытындыланды.

Екі күнге созылған байқау ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Байқауға қатысқан 74 үміткердің ішінен іріктеліп, қазылар алқасының шешімімен төрт аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінгендер қомақты сыйға ие болды. Солардың бірі индерлік – Әбілқайыр Жұбан. Ол 3 орынға ие болып, 750 000 теңгелік сертификатты жеңіп алды. Жерлесіміздің жеңісіне қуанып, әкесі Ералы қажы Жұбанұлына хабарласқанымызда ол: -Ұлым Кентау қаласындағы «Бала би» қарилық медресесінде оқып жатыр. 2019 жылы 15 жасында түскен болатын. Сол жерде ұстаздарынан дәріс алуда. Ал, жақында Түркістан облысы бойынша жарыстан 1 орын алған еді. Міне, бүгін кіл мықтының арасынан 10 параны жатқа және мәнерлеп оқудан 3 орын алғанына қуаныштымыз, – деді шаттанып. Айта кетейік, екі күнге созылған қарилар байқауын елдегі пандемияға байланысты көрермендер «Munara TV» телеарнасынан, «Муфтият ҚМДБ» youtube арнасы мен муфтияттың инстаграм желісіндегі @muftiyatkz ресми парақшасынан онлайн тамашалай алған болатын.

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521