БЕРЕШЕК БЕЛДЕН АСЫП КЕТТІ

Қыс қаһарын төккенде жылудың қажет екені белгілі. Осы ретте Индербор кентінде орналасқан көпқабатты үйлердің жылумен қамтылуы да күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі.

Өткен жылғы жылу маусымында қазандықтар тұрақты жұмыс жасағанымен, үйлерден шағым болғаны жа сырын емес. Ал, биылғы жылу маусымына дайындық қалай?

Аудандағы жылуға жауапты мекеме «Таңат ПИК» кент ішіндегі 13 көпқатарлы үй, 850-ге жуық пәтерді орталықтандырылған 8 жылу қазандығы арқылы жылумен қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда жылу қазандықтарына қысқа дайындық мақсатында көпқабатты үйлерге баратын жылу құбырларын тексеріп, жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. «Таңат ПИК» төрағасы Бейбіт Ильясовтың айтуынша, күні бүгінде Қонаев 22-24, Тайсойған 7 үйлердің жылу қазандығына 44 млн бөлініп, жеңімпазды анықтау үшін аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы порталға салыныпты.

Айта кетер жайт, кей тұрғындар қысқы жылу маусымына батареялар мен құбырларды ауыстырып, дайындамайды екен. Соның салдарынан қалыпты жылу болмайтын көрінеді. Одан бөлек, көпшілік тұрғын пәтерішілік жылу құрылғылары арқылы тұрмыста жылы суды пайдалануы да жиі кездесетінін жеткізді. Бұл бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. – Жыл сайын мекеме кенттегі көпқабатты үйдің тұрғындарын толықтай жылумен қамтып отырмыз. Десе де, әлеуметтік желі арқылы «жылу жоқ, қысым төмен» деп жазып жатады. Осы ретте, жылу маусымына дейін әр үй өзіне тиесілі аумақтағы пәтерішілік жылу жүйелерін тазалап, дайындап, ескі батареялар мен темір құбырларды ауыстыруы қажет екенін айтқым келеді. Өткен жылы осындай проблемалық үйлерге ескерту берілді. Жалпы бұл мәселеге тұрғындар әлі немқұрайлы қарайды, нақты жүзеге асырмай келеді. Сонымен қатар, жылу қазандығы мен үйге дейінгі жылу жүйесіне жауап тымыз. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес ол жерден пәтерге дейінгі аралықты пәтер иелері кооперативі (ПИК), яғни қазіргі мүлік иелері басқармасы (МИБ) атқаруы керек. Тұрғындар тарапынан ПИК қызметіне келісімшартқа отыруға құлшыныс жоқ. Сондықтан біз қазіргі таңда тек жылу беру қызметімен айналысып келеміз. Тұрғындар арасында жылу ақысына борышкерлер бар. Соның кесірі жылу ақысын уақытылы төлеп отырған тұрғындарға тиеді. Салдарынан газ, су, электр жарығының төлемақысын әлі күнге толық есеп айырыса алмай отыр мыз. Сондықтан тұрғындардан тұтынған жылудың ақысын уақытылы төлеп отыруын сұраймын. Өткен жылы қыс мезгілінде көпқабатты үйлердің жы луын уақытша ажыратып, кері қосуға мәжбүр болдық, – дейді ПИК төрағасы. Тұтынған жылуға уақытында ақысын төлеп отырған тұрғындар баршылық. Десе де кейбір тұрғындардың тұтынған қызмет ақысын төлемеуі әлі де жалғасып келеді. Бүгінде мекеменің тұрғындардан 8 млн теңгеге жуық алажағы бар. Оның ішінде берешегін жылдап төлемей жүргендері, тіпті жағдайы болса да түрлі сылтау айтып, созып жүрген тұрғындар да кездеседі екен. Қазіргі таңда ПИК өз тарапынан сот арқылы берешектерді өндіру жұмыстарын жүргізуде. Соның салдарынан қазірдің өзінде «ҚазТрансГазАймақ» мекемесіне 1,5 млн теңге, «Индер Су» мекемесіне 2,1 млн теңге, Атырау Энерго Сату мекемесіне 2,3 млн теңге қарыз. Айтуынша, егер күн ерте суытса, 15 қазанды күтпей-ақ жылуды беріп бастайды екен. Қысқы жылу маусымында мекемеде шұғыл апаттық бри гада жұмыс істеп, оның құрамында дәнекерлеуші, слесарь, шебер секілді техникалық мамандар жұмыс істейтін көрінеді.

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT