Бейқамдық өрт оқиғасына әкелуі мүмкін

Индер ауданы көлемінде 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өтеді.

Ол әкімдіктің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі №213 шешімін басышылыққа ала отырып ұйымдастырылмақ. Онда төтенше жағдайлар бөлімінің және №5 ӨСБ-нің қызметкерлері тұрғындармен қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған түсінік жұмыстарын жүргізілмек. «Тілсіз жау - өрттен» қорғану, оның алдын алу ережелерін ұдайы сақтау қашан да әркімнің жадында жүруі қажет.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен, аудан көлемінде орналасқан тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігінің алдын алу ережелері бойынша үгіт – насихат жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді. Өйткені жыл мезгілінің қай кезеңі болмасын, тілсіз жау - өрт оқиғалары болып жатады. Өрт оқиғалары түрлі себептерден шығып жататыны анық. Оның басым көпшілігі қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауынан болады. Ал мұның басты себебі бейқамдықтан, салдыр – салақтықтан, бір сөзбен айтқанда өрт қауіпсіздігін сақтамаудан болуда. Статистикаға жүгінсек, тұрғын үйлерде болған өрт шығу себептерінің басты түрлері:

- жылыту қазандығының мұржасынан түтіннің кері қайтуынан улану оқиғасы;

- тұрмыстық газ құралдарын қолдану ережелерінің сақталмауы;

- пештер немесе жылыту қондырғыларын пайдалану және қолдану барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауы;

- тұрғындардың отты пайдалану кезінде абайсыз болуы;

Сонымен қатар айтарымыз, еш уақытта қолдан жасалынған жылыту құралдарын пайдалануға болмайды. Тұрғын үйлерде пеш тұтандыру үшін қажетті сұйық отындарды яғни, (солярка, керосин) сияқты басқа да жанғыш заттарды от жағатын бөлмеге қоюға, сақтауға мүлдем болмайтынын ескерте отырып, сондай – ақ соңғы уақытта табиғи газ отынын жаппай пайдалануымыз, бізден сақтық шараларын күшейте түсуді талап ететінін ескере келіп, бұл ретте газ отынымен жанатын жылу қазандары, газ плиталары орналасқан бөлмелердің терезелерінде желдеткіш болуы шарт.

Жылыту қазандарының мұржасын, пештердің от жаққан кездегі қалыпты жұмыс жасауын мұқияттап қарап, әбден тексеріп алу керек. Қорыта айтқанда оқыс оқиғаның орын алмауы үшін ең алдымен осынау қарапайым өрт қауіпсіздігі шараларын сақтай білейік.

А.Бисенов

Индер аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің

инженері азаматтық қорғау лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521