Бөденеліктер не дейді?

Бұған дейін өзеннің Самар бетіндегі ауылдардың  көкейкесті мәселелерін біліп қайтқан аудан әкімі Серік Нысанбаев бұл жолы Бөдене  ауылдық округіне барды. 
Кездесу барысында аудан басшысы осыған дейінгі халықтың ұсыныс-пікірлерінің орындалу барысына тоқталып, өзге де өңірде істеліп жатқан жұмыстарға тоқталды. 
 Содан соң бөденеліктердің пікірін тыңдады.


Тұрғындар Бөдене орта мектебінің шарбағындағы салынып жатқан спорт алаңшасының құрылысы қашан аяқталатынын, балаларға ойын алаңы қажет екенін, бос тұрған үйлердің ауласын тазарту керектігін  айтты.
Сонымен қатар, аудан әкімі бірқатар нысандардың жұмыс барысымен танысып, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. 


Ж.НАРИМАНОВА

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT