Ауылды 20 жыл басқарған әкім

Индер ауданы әкімі М.Қалауи ауданның дамуына елеулі үлес қосып, бүгінде зейнеткерлік жасқа шыққан еңселі азаматтардың бірі, Елтай ауылдық округінің әкімі Дүйшім Ербол Жексенұлын арнайы қабылдап, құттықтау хат табыстады.

-Ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолындағы 20 жылдық тынымсыз еңбегіңізге алғыс білдіремін! Ел үшін сіңірген абыройлы еңбек жолыңыз көпке үлгі. Сондықтан Сізбен арадағы іскерлік байланыс әлі де жалғасын табатынына сенімдімін. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін,-деді ерекше ілтипатпен.

Айталық, Ербол Жексенұлы еңбек жолын Аманкелді атындағы кеңшардың механизация цехынан бастап, бас инженерлік қызметке дейін атқарған. Кейіннен Тәуелсіздік таңы атысымен кеңшар заманауи үрдіспен жекешеленген кезде «Әділет» кооперативінде, одан соң «Шалқар» ШҚ құрып, жаңа кезеңнің елмен бірге көптеген ауыртпалықтарын жеңуге біркісідей үлесін қосып, өлшеусіз еңбек еткен.

1999 жылы аудан басшылығының артқан зор сенімін арқалап, округ әкімі болып тағайындалып, 20 жыл бойына адал еңбек етіп, Елбасы мен Президент қойған биік те маңызды стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды округте лайықты іскерлікпен атқарды. Қазіргі таңда округтегі қос ауыл да заман талабына сай өзгеріп, жолдары мен көшелері жаңғырып, кәсіпкерлік дамып, мал басы өсіп, тұрғындардың тұрмысы оңалды.Сондай-ақ ол көп жылғы абыройлы да еселі еңбегінің нәтижесінде, Атырау облысында алғашқылардың бірі болып, Елбасының Жарлығымен жоғары марапат «Құрмет» орденімен наградталды.

Міне, осындай өнегелі өмір жолының куәсі болған әріптестері Ербол Жексенұлына және отбасына амандық тілеп, ендігі еңбектің зейнетін көруін тіледі.

Өз кезегінде зейнеткер құрмет көрсеткен аудан басшысы мен ниеттес әріптестеріне ризашылығын жеткізді.Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521