БАСПАНА КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

Индер ауданында бүгінгі таңда 1157 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.

Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан осал тобында-511, мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйым қызметкерлерінде-454, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар-35, көпбалалы отбасылар-135, авариялық жағдайда тұрған үйі бар тұрғындар саны-22. Алдағы уақытта бұл кезек-те тұрғандардың саны азая түспек. Олай дейтініміз, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауданда төрт қабатты 48 пәтерлік төрт тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оған облыстық бюджеттен 1 млрд. 900 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Тұрғын үйлер аудандағы «Көктем» мөлтек ауданындағы 11 участокте салынуда.

Айта кетейік, биылғы жылдың көктем мезгілінде басталған құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл құрылыс жұмыстарын «ЕвроСтрой-А» ЖШС атқаруда.

d

Ал аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманы Гүлфия Алдабергенова қолданыстағы Заңға сәйкес тұрғын үй беру кезекпен жүргізілетінін, кезегіңіз келген кезде ғана тұрғын үй алуға мүмкіншіліктің болатынын айтады. Сондықтан, кезегіңіз келген жағдайда баспаналы болатыныңыз ақиқат.

Айта кеткен жөн, Индер ауданында 2015 жылы 60 пәтерлік екі үй, 2017 жылы 60 пәтерлік бір үй пайдалануға берілген болатын.

«Дендер»-Ақпарат.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521