БАСҚАРМАНЫҢ БАСТАМАСЫ

«Тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Бұл – біз үшін мызғымас ұстаным», - де- ген болатын ел Президенті Қ.Тоқаев «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Атырауда өткен кезекті ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде. Міне, осы мүддеге үлес қосу амқсатында «Ин- тергаз Орталық Азия» АҚ ұйымдастыруымен Ин- дер желілік-өндірістік басқармасы қызметкерлері балалары арасында диктант жазу мен сурет салудан сайыс өтті. Оқушыларға қызықты сәт сыйлаған сайысқа 30 оқушы қатысты Нәтижесінде диктант жазудан 2-4 сынып аралығында 1 орынды Бекет Рахым, Әсел Шүйіншқалиева, 2 орынды Інжу Мәлік, 3 орынды Серік Қасымхан, Самат Иманәлі алды жеңіп алды. Ал 5-11 сыныптар аралығында жүлделі бірінші орынға Аяулым Хайруллина, Жангүлім Бексұлтан, Мадина Асқарқызы бірінші орын алып, ата-аналарын қуанышқа бөледі. Ал 2 орынға Кәусар Фархадқызы, Айнұр Әлібекқызы, Амина Асқарқызы ие болса, 3 орынды Амир Саханов, Нұрай Жукесова, Гүлнұр Қыстауова иеленді. Ал болашақ қылқалам шеберлерінің арасы- нан 1 орынға Зере Тілепберген, Інжу Мәлік, 2 орынды Досхан Самат, Мақсат Кенжеғали жеңіп алды. Ал жүлделі үшінші орынға Ақерке Абатова мен Самат Иманәлі ие болды. Жеңімпаздар басқарма тарапынан түрлі байрақтарға ие болса, қалған қатынасушыларға арнайы сертификат табысталды. Байрақтарды Индер желілік-өндірістік басқармасының ди- ректоры Сағат Шүйінішқалиев табыстап, болашақтарына сәттілік тіледі. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің база- сында ұйымдастырылған байқауды ұйымдастыру алдағы уақытта да өз жалғасын табатын көрінеді. С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521