Балық аулауға тыйым салынады

Индер балық инспекция бөлімінің мамандары құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып 1 сәуір мен 31-ші мамыр аралығын қамтитын «Бекіре-2021» кең ауқымды акциясын бастады.

Жайық-Каспий бассейнінде жүзеге асатын шара барысында Жайық өзені жағалауында, су айдындарында балық аулауға тыйым салынады. Сонымен қатар заңсыз ауланған балықтың тасымалдау фактілерін анықтау, жол бермеу және болдырмау мақсатында республикалық және халықаралық маңызы бар Атырау-Орал, Атырау-Индер тас жолдарында жол полициясымен бірлесе құрылған балық қорғау рейд шаралары өтіп, бақылау күшейеді.

Браконьерлікпен бітіспес күрес бір акция аясымен шектелмейді. Өйткені, заңсыз балық аулаушылар қыста да, жазда да бекіре тұқымдас бағалы балықтарға және қара балықтарға қол сұғуын қоймайды. Балықтың уылдырық шашу орындарына жетуді қамтамасыз ету мақсатында инспекторлармен Жайық өзеніне және су айдындарына күн сайын сүзу жұмыстары жүргізіледі.

Осы арқылы уылдырық шашу кезеңінде балықтардың, оның ішінде бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын жерлерге қоныс аударуын қамтамасыз етіп, балық аулау мен балықтардың заңсыз айналымына қарсы тұрмақпыз.

А.ИБАТУЛЛИНА

Индер балық инспекция бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521