Балық аулауға рұқсат етілді

Жайық өзенінде әуесқой балық аулаушыларға 15 маусым айынан бастап 5 ілмекті қармақпен бір шыққанда 5 кг балық аулауға рұқсат етіледі.

Бастысы – балық аулаушылар өздерімен бірге жеке куәліктерін көрсетуі тиіс. Қазіргі таңда Индер ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 маусымдағы №129 «Атырау облысы Индер ауданының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес Индер ауданы Жайық өзені бойында белгі (аншлаг) қойылды. Балық қыстайтын шұңқырлардан және қараңғыда балық аулауға тыйым салынады.

Сонымен қатар, рұқсат етілмеген балық аулау құралын пайдалануға, қармақсаптағы ілмектер санын көбейтуге, құрма аумен көпір астынан аулауға, мас күйінде балық аулауға болмайды.

Әйтпеген жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 383-1-бабы және 3-бабы бойынша (балық аулау ережесін бұзу) жеке тұлғаларға 5-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.

Г.Насиполла

Индер аудандық инспекцияның

жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз