Жазғы лагерь – тиімді дема лыс мекені. Біздің мектебімізде де «Балдырған» жазғы демалыс лагері жұмыс жасады. Лагерь басшысы Лаура Тыным баева, тәрбиешілер – Анара Мыр забаева мен Айгүл Мырзағалиева апайлар, денешынықтыру нұсқаушысы Әнет Талғатов ағай лагерьге балалардың уақытымен әрі толық келулерін қадағалай отырып, әр күн сайын түрлі тәрбиелік, спорттық шара лар өткізсе, мектеп психологы Жаңыл Габдуллина апай қызықты тренингтер өткізеді. Лагерьдің бірінші кезеңі 1-10 маусым, екінші кезеңі 12 -20 маусым, үшінші кезеңі 22 ма усым – 1 шілде аралығында 6 күндік режимде жұмыс жасады. Әр маусымда 25, жалпы саны 75 оқушы қамтылып, олардың ішінде жартылай жетім, аз қамтылған, көпбалалы отбасы санатына жа татын оқушылармен қатар, оқу үздіктері де болды. Лагерь демалушылары күнделікті мазмұнды тәрбиелік шаралармен қатар Аққала ауылдық мәдениет үйіне, ау дан орталығындағы ойын-сауық орталығында болып, уақыттарын қызықты өткізді. Ал демалушы балалардың денсаулығын мектеп медбикесі Жаңылсын Кубенова апай бақылап отырды. Сонымен қатар аспаз Бақытгүл апай дәмді ас әзірлесе, Алмагүл, Салтанат, Анар апайлар лагерь тазалығына өз үлестерін қосты. Кәусар МЕҢДЕШОВА, Аққала орта мектебінің оқушысы
«БАЛДЫРҒАНДАҒЫ» БАЛ КҮНДЕР
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 421