АВАРИЯЛЫҚ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНЕ - ЖАҢА АВТОКӨЛІК

Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан  халқына арнаған Жолдауында  азаматтық қорғау органдарын материалдық-техникалық  жарақтандыруға және олардың  әлеуметтік мәртебесін  арттырудың маңыздылығын  атап өткен болатын. Президент  тапсырмасына орай облыс  әкімдігі мен Қазақстан Респу бликасы Төтенше жағдайлар  министрлігінің қолдауымен  аудандық төтенше жағдайлар  бөліміне арнайы құтқару  қызметіне арналған екі жаңа  “Toyota Hilux” автокөлігі табысталды.

 Қазіргі заманғы  құрал-жабдықтармен  жарақтандырылған техникалар  төтенше жағдайлардың алдын  алу және жою бағытындағы  жұмыстардың тиімділігін  арттырып, шұғыл авариялық  жұмыстарда әрекет ету үшін  қолданылатын болады, – дейді  аудандық төтенше жағдайлар  жөніндегі бөлімнің бастығы  Ербол Ғабитов.  

Оның айтуынша, төтенше  жағдай бөлімінде қазіргі  уақытта өрт сөндіруге арналған  «Урал» автокөлігі базасындағы  екі АЦ-6-40 пен АЦ-5-40 ар найы өрт сөндіру көлігі және  негізгі жұмыстарға арналған  1 Toyota Hilux автокөлігі бар  екен.  Иә, қандай ма болмасын  төтенше жағдай туындай  қалса, ең алдымен жететін  төтеншеліктер үшін бұл үлкен  қолдау екені сөзсіз.

 С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT