Индер ауданы, Есбол округіндегі 122-ші сайлау учаскесінде ауыл халқының белсенділігі жоғары. Сайлау комиссиясының төрағасы Майра Сабированың айтуынша мұнда 1701 сайлаушы бар. Оның ішінде, мүгедектер саны-7, денсаулығына байланысты үйден дауыс бергендер саны-12, алыс шалғай учаскелерден -98. Ең қарт сайлаушылар Нәсіпқалиева Қатыш пен Оразмұханбетова Мәкіш 94 жаста екен. Ал 10 сайлаушы алғаш таңдау жасапты. Қазіргі уақытқа, яғни сағат 15:40-тағы мәлімет бойынша 1140 сайлаушы дауыс беріп, 67,08%- ды құрапты.
Ауыл белсенді қатысуда
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 248