АУЫЛ АЖАРЛАНЫП КЕЛЕДІ

Кезінде жоғары дәрежелі көрсеткіштері үшін 1960 жылдардың ортасында Ленин орденін алып, «Орденді колхоз» атанған Передовик колхозы заман талабына сай қайта түлеп, ауыл ажарланып келеді. Округ тұрғындарының негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы болғандықтан 28 шаруа қожалығы тіркеліпті. Округтегі барлық меншік түрлері бойынша 2021 жылдың қорытындысымен ірі қара 1 494 басқа, қой-ешкі, 11 686 басқа, жылқы 723, түйе малы 380 басқа  жеткен. Жоспар бойынша барлық мал түрінен ветеринарлық талапқа сай екпе және тексеру жұмыстары жүргізілген. Өткен жылы конкурс арқылы 6 жер, биыл 9 жер телімі мал шаруашылығын дамытуға, 2-уі егіншілікпен айналысуға беріліпті. Жалпы округ бойынша қожалықтарды қоса алғанда барлығы 91 бизнес субъектісі халыққа қызмет көрсетуде. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 2 адам   оқып, 1 жас  кәсіпкер 583 400 теңге «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік  грантына ие болған. Биыл 1 наубайхана және 1 шағын тігін шеберханасы  іске қосылып, 4 тұрғын жұмысқа орналасыпты.
Ауылдың бас жоспарына сәйкес ауылдың батыс жақ шетінен ауыз су желісі мен газ желісі тартылса, енді электр желісі өткеннен кейін тұрғын үй салуға 72 жер телімі берілмекші. Сөйтіп, кезекте тұрған 103 тұрғынның сұранысы біртіндеп қамтыла бермекші. Сонымен қатар елдегі пандемия жағдайына қарамастан 6164,95 м көшеішілік автомобиль жолына асфальт төселсе, кәсіпкер демеушілігінің арқасында 195 000 000 теңге дене шынықтыру спорт кешені құрылысы пайдалануға берілген. Ауылға  кіреберіс   жолдың  бойын жарықтандыруға, ауыл шетіндегі  зиратты және тұрмыстық қалдықтар төгетін алаңды қоршауға жобалық сметалық құжаттары жасақталса, су тазарту қондырғысы 6 232 000 теңгеге жөнделген.
Округтегі 3098 адамның 1675 экономикалық белсенді санатына жатып, олардың 1603-і жұмыспен қамтылса, 57-і - ресми тіркелген жұмыссыздар. Жыл бойына 13 отбасы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алса, аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жыл бойына ақылы қоғамдық жұмысқа 18 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 8 адам, жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша 3 адам, тұрақты жұмысқа 47 адам, көктемгі, күзгі мезгілдегі маусымдық жұмыстарға  26 адам жұмысқа тартылып отыр. Округ бойынша  98 мүмкіндігі шектеулі жандарға хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы тиісті жәрдемақылары және құрал-жабдықтары, тұтынатын қажетті заттары уақтылы беріліп отыр. Есепті мерзімде қайырымдылық шеңберінде округ бойынша 23 әр түрлі санаттағы мұқтаж тұрғындарға 1385,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетілген.
-Жалпы жағдайымыз жаман емес. Ауылымыз жақсы дамып келеді. Алға қойған міндеттеріміз де жоқ емес. Мысалы, ауылға  кіреберіс   жолдың  бойын жарықтандыру, демеушілер арқылы балалар ойын алаңын салу, ауылішілік  автомобиль  жолдарын  және жаяу жүргіншілер жолын күрделі жөндеуден өткізуді толық аяқтау, Насыр молда көшесінің сыртындағы зиратты және қоқыс полигонын қоршау, газ құю бекетін салу үшін жер телімін алған кәсіпкердің құрылыс жұмыстарын бітіріп нысанды іске қосуына ықпал ету, демалыс саябағын жасау үшін  ЖСҚ жасақтауға, жаңадан 13 км көше жарығы желісін жүргізу үшін ЖСҚ жасақтауға қаражат бөлгізу, ауылдан жаңа мәдениет үйін салу жөнінде тиісті орындарға ұсыныс енгізу келер күндердің еншісіндегі жұмыстар,-дейді Өрлік округінің әкімі Серік Сисатов.
Шынында да Өңірлерді дамыту бағдарламасы елді мекендердің гүлденуіне септігін тигізіп, ауылдарымыз ажарланып келеді. «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» деген ғой.


Ж.Исламғалиев,
Өрлік ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521