Ауылға аптека ауадай қажет


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» жарлығына сәйкес, аудан әкімі Дарын Шамұратов барлық ауылдық округтерді аралап, тұрғындармен кездесті. онда алдымен халықтан түскен ұсыныс-пікірлердің орын далысы жөнінде баяндады. Одан әрі ауылдағы ағайынның мұң-мұқтажына құлақ түріп, жағдайларымен танысты. Солардың бірі Есболда да біраз көкейтесті мәселелердің барына көз жеткізді.

whatsapp-image-2022-11-04-at-10_37_39
Аудан әкімі Д.Шамұратов бұрын айтылған ұсыныс пікірлердің орындалысы бойынша тоқталып өтті. Соның ішінде Есбол ауылындағы қоқыс алаңшасы қоршалып, Ынтымақтағысы бюджет қаржысына байланысты екінші кезеңге, яғни 2023 жылға жоспарланыпты. Мұнда мектепте балалар ойын алаңы болғандықтан Есболда Жамбыл мектебінің спорт алаңының жерінен қосымша ойын алаңын салу үшін құжаттары рәсімделуде. Ауылда ешкім тұрмайтын апатты жағдайдағы ескі үйлер мен мекеме ғимараттары да көп. Солардың орнын тазалау жұмыстары бойынша иелеріне ескертулер беріліп, қазіргі уақытта бұрынғы «Райпотребсоюз» ғимараты және К.Бахитов көшесіндегі ескі дүкен ғимараты бұзылуда екен. Қалған апатты ғимараттар да заңдылыққа сәйкес қалыпқа келтірілмек. Жылда сөз болатын «Слава» ШҚ басшысына егін орнын қоқыстамау және мал жайылымдық жерлерді бүлдірмеу жөнінде ескертіліп, қоқыстар жиналыпты. Сонымен қатар Көктоғай – Өрлік – Есбол – Ынтымақ – Елтай – Индер бағытында жолаушы тасымалдайтын маршрут ұйымдастыру бойынша жыл басынан бастап 3 мәрте тіркеуге жіберілгенмен қаулы жобасына түзету енгізу қажет болып, қараша айында ол қайтадан жолданбақ. «Ауылдағы ауруханада ингаляция, физкабинеттері ашылса және лаборант маманы жоқ. Алып жүрген ем-домымыз сенбі және жексенбі күндері үзіліп қалады» деген тұрғындар өтініші бой ынша аудандық аурухана тарапынан Есбол ауылындағы ауруханадан ингаляция және физкабинеттерін ашу жұмыстары ұйымдастырылыпты. Осы жұмыспен айналысатын фельдшер маманы арнайы оқудан өткен. Ал "Физкабинетке" қажетті құрал жабдықтарын алу үшін конкурс беріліп, жеңімпаз болып танылған мекеменің әкелген құрал-жабдықтары техникалық шартқа сәйкес болмауына байланысты, мердігер мекеме сотқа тартылыпты. Нәтижесі күтілуде. Жалпы тамыз айының соңында Есбол ауылындағы ауруханаға 2 жалпы тәжірибелік жас дәрігер жұмысқа орналасқан. Ал Қайсағали учаскесіне газ желісін демеушілікпен тарту мүмкіндіктері әлі қарастырылып жатқаны айтылды. Сонымен қатар, Есболдағы «Жеңіс» саябағы ішіндегі Ұлы Отан соғысынан оралмаған боздақтар ескерткішіне және Ынтымақтағы ескерткішке жай жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2022 жылдың ақпан айында облыстық энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасына сұраныс берілгенмен, әзірге қаражат бөлінбепті.
Есбол ауылынан жасыл желекті көбейту мақсатында саябақтар қалыптастыру бойынша сметалық құжаттары дайындалып, ақпан айында облыстық Энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасына қажетті қаражатқа сұраныс беріліпті. Дегенмен ауыл ортасындағы су айдайтын ескі мұнара (башня) ғимаратын бұзуға мүмкіндік болмай отырған көрінеді. Аудан әкімінің баяндамасынан соң зейнеткер А.Андақұлова балабақшаның керек екендігін , Б .Иманғазиев көтерілген көптеген мәселе әлі толық орындалмай келе жатқандығын, жаңа мектептің құрылысы баяу екендігін, округ әкімшілігі ғимаратының жөндеуі бітпегендіктен әкім мәдениет үйінде отырғандығын, "Слава" шаруа қожалығы жерді бүлдіріп жатса, өнімінің де қайырын көрмейтіндіктерін, ауыл малы жайылатын жерді сақтауды, жүргізіліп жатқан жарық жүйесінің де жұмысына сын барын бүкпесіз жеткізді. Ал Қ.Жұмақұлов жарықтың жиі сөнетіндігін, ауыз су жүйесі енді кімнің қолына өтетіндігін, Ынтымаққа демеуші арқылы балабақша салуды ойластыруды, зейнеткер А.Сұлтанғалиева өңір жаңалықтарынан толық хабардар екендіктерін айта келе, ауылда анализ айыратын зертхана, дәріхана жоқтығын және жарық мәселесін көтерсе, Азамат Болат ауылдағы мәйітке жол салу жайын қаперге берді. Ал М.Мұхамбетқалиев, Қ.Дендеровтер Қайсағалиға газ керек деген жанайқайларын жасырмады. Шынында да бұл шағын ауылда да еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан тұрғындар, 90-нан асқан қария тұрады. Сондықтан да мұның да бір шешімі табылуы қажет-ақ.
Көтерілген ұсыныс-пікірлердің бәріне аудан әкімі жауап беріп, Президент тапсырмасын орындау аясында барлық іс заң шеңберінде ғана атқарылатынын баса айтты. Сондай-ақ, сала басшылары да өздеріне қатысты сауалдарға жан-жақты жауап берді.
Жалпы олардың бәрі аудан әкімдігінің қадағалауында болатыны сөзсіз.

Ж.ІСІМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521