"Қауіпсіз жүргінші" атты рейдтік акциясы өткізілді

сурет ашық дереккөзден алынды

Атырау облысы Полиция департаментінің нұсқауына сай, облыс аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиі орын алуына байланысты, жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында, Индер ауданы аумағында ағымдағы жылдың 06-08 ақпан аралығында "Қауіпсіз жүргінші" атты рейдтік акциясы өткізілді.

Акция кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1 бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру)-1, ӘҚБтК-ң 600 бабы 1 бөлігімен (Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау)-1, ӘҚБтК-нің 601 бабы 1 бөлігімен (Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау)-2, ӘҚБтК-нің 592 бабымен (Көлік құралының белгiленген жүру жылдамдығынан арттыру)-6 және т.б әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз