Аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Индер аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына Абдуллин Бағдат Исатайұлы тағайындалды.

Ол 1985 жылы 4 қазанда, Гурьев облысы Новобогат ауданы, Чапаев селосында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1992 жыл мен 2003 жыл аралығында Атырау облысы, Исатай ауданы, Чапаев селосындағы Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектебін бітіріп, 2003 -2007 жыл аралығында Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтының Күндізгі оқу факультетін «Өрт қауіпсіздігі инженері» мамандығы бойынша аяқтаған.

2007 жылы Атырау қаласындағы Атырау облыстық Өртке қарсы қызмет департаментінің Өрттерді бақылау және талдау бөлімінде инженер мамандығы бойынша

2007- 2008 жыл аралығында Атырау облысының Өртке қарсы қызмет департаментінің Исатай аудандық Өртке қарсы қызмет бөлімінде инженер

2008- 2009 жыл аралығында Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Исатай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінде инженер

2009 -2013 жылдың желтоқсан айы аралығында Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Исатай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінде бас маманы

2013-2020 жылдың наурыз айы аралығында Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Махамбет аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымында жұмыс атқарған.

"Дендер" - Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз