Аудандық кітапханашылар марапатталды

4 қараша күні Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында кітапхана саласын дамытудағы жетістіктері үшін облыс кітапханашыларын марапаттау шарасы өтті.

Шара барысында Индер аудандық кітапханасының ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Байқатова Ираш Бейсембіқызы мен Көктоғай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Мусина Бақыт Нұрманқызы Қазақстандық Кітапханалық Одақтың «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталса, Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасы мен Қазақстан кітапханалары альянсының «Халық құрметі» төсбелгісіне Есбол ауылдық кітапханасының меңгерушісі Ибатова Күләш Басарқызы ие болды.

20201105_103443

20201105_103417

Кітапханашы мамандардың әрдайым еңбектері жана берсін, кітапхана жұмысында жаңашылдықпен алға басып, жаңа биік  шыңдарға көтеріле берсін деп тілек білдіреміз!

Дендер - Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521