Қазақстан Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай Индер аудандық мәслихатының арналған мерекелік сессия болып өтті.
Мерекелік сессияға аудан әкімі Серік Нысанбаев, Атырау облыстық мәслихатының депутаты Жанай Амантурлин, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары мен кент және округ әкімдері, БАҚ-ның өкілі қатысты.
Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың мерекелік сессиясын мәслихат төрағасы Абзал Рамазанов сөз сөйлеп ашып қоғам дамуында депутаттардық қосып отырған үлесіне айрықша тоқталды. Сессия жұмысына қатынасқан аудан басшысы Серік Нысанбаев ауданнның әлеуметтік-экономикалық дамуында депутаттар корпусының қосқан үлесі зор екенін айрықша атап өтіп халық халаулыларына мерекелік медаль табыстады.
Атырау облыстық мәслихатының депутаты Жанай Амантурлин жергілікті жердегі әріптестерінің қызметтеріне сәттілік тілеп, мерекемен құттықтады.
С.КӨШЕКОВ