25-28 қаңтар күндері аралығында Индер ауданы көлемінде Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес «Түнгі қаладағы балалар» жедел- профилактикалық алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты- кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың алдын алу және болдырмау, оларға алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сатуды, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуын сонымен қатар, суық қаруды еркін алып жүруін болдырмау. Іс- шара барысында білім беру ұйымдарында Ювеналды полиция тобының инспекторларының қатысуымен оқушыларға, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қылмыстық, қылмыстық процестік және әкімшілік кодекстердің нормаларын түсіндіре отырып, мектептер мен колледждерде құқықтық тақырыпта дәрістер өткізу жұмыстары жандандырылуда. Сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің басқа да қызметкерлерімен бірлесе отырып, рейдтік іс-шаралар күшейтілді. Балалардың түнгі уақытта тұрғылықты мекен- жайынан тыс жерде заңды өкілінсіз жүруі және жасөспірімдер мен жастар арасында қару-жарақ пен үшкір- кесу заттарын алып жүру фактілерін анықтауға ерекше назар аударылуда.
Елімізде соңғы жылдары кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыс жасауының белең алуы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жиі айтылып жүр. Жасөспірімдердің бір-біріне қару кезеп, арты өліммен аяқталған оқиғаларды да естіп, біліп жүрміз. Бұған кім кінәлі? Балалардың қылмыс жасауына не себеп? Олардың әртүрлі іспен шұғылданбауы немесе жан-жағындағы қоршаған ортасының, айналасындағы достарының немесе біреудің қорқытуы арқылы қасақана қылмыс жасауға түсіп кетуi көп болып жатады. Сондай-ақ түрлі компьютерлік ойындар да балалардың психологиясына кері әсер етеді. Яғни тапжылмай ұзақ уақыт көгілдір экран алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне әсер етеді. Бұған кейбір ата-ана мән бермейді. Сондықтан бала тәрбиесі — бұл дүниедегі барлық істен жоғары тұратын ең үлкен жауапкершілік. Бұл ретте кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты анықтау және алдын алу сондай-ақ, құқықтық сауатылығын арттыру мақсатында Атырау облысы ПД-нің Атырау облысы бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы бұйрығына сай, ағымдағы жылдың 25-28 қаңтар күндері аралығында аудан көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатырғандығын хабарлайды.
Индер ауданы Полиция бөлімі