АУДАНДА РӘМІЗДЕР КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ӨТТІ

Мемлекетіміздің басты нышаны ұлттық рәміздер күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Рәміздер – елдігімнің белгісі» атты салтанатты шара өтті.

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев «Біз Тәуелсіздігіміздің рәміздерін көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туы, Елтаңбасы, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар біздің ең киелі құндылықтарымыз»-деген болатын. Салтанатты шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Ақтілек Мусағалиев аудан халқын мерейлі мерекемен құттықтап, маңыздылығын атап көрсетті.

- Рәміздер – егемен еліміздің, қуатты мемлекетіміздің төлқұжаты. Бұл айшықты рәміздер әрбір азаматты отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, туған жерді қастерлеуге, тарихын жете білуге жетелейді. Бүгінгі таңда күллі әлем мойындаған Тәуелсіз еліміздің әрбір жасампаз жетістіктерінде Қазақстан Республикасының тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз де бірге салатанат құрып келеді. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын,-деді өз құттықтауында.

r

Сондай-ақ бұл күні өз салалары бойынша жақсы жетістіктері үшін аудандық балалар спорт мектебінің бокс жаттықтырушысы Алмат Матжанов, «Жасыл аймақ»ar» ЖШС қызметкері және бригадирі Жайдарбек Нысанов пен Нұржан Исмагулов, «Индер Су» мекемесінің қызметкері Самат Ермұханов, Қ.Абақанов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсима Жәрдемова аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Кеш барысында аудан өнерпаздарының әуелете шырқаған патриоттық әндері көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекенің мазмұнын асқақтай түсті.

Диас АЙБАР

Суреттерді түсірген автор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521