Ауданда мектеп оқулықтары тексерілуде

Ағымдағы жылдың 19 қараша күні аудандағы мектептерде оқулық саны қаншалықты жеткілікті екендігін анықтау мақсатында мектеп кітапханаларына қоғамдық бақылау жүргізілді.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Ділмұқашева Орынша Матайқызымен кездесу барысында аудан бойынша мектеп оқушылары оқулықтармен 100% қамтамасыз етілгендігін атап айтты.

Аудан бойынша жалпы кітап саны – 508717 дана, оның ішінде оқулықтар – 365040 дана, әдістемелік құралдар – 38158, көркем әдебиет 105519.Күні бүгінгі кітап қорымен алғанда оқулықтар бір білім алушыға -70,5 данадан келеді. Аудан бойынша күні бүгінгі оқулықпен қамтылу 100-ды құрайды. 2020-2021 оку жылында «Ауданның мемлекеттік білім беру мекемелері үшін оқулықтармен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 57035981 теңге бөлініп, аудан мектептеріне жаңартылған бағдарлама бойынша 11 сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, үш тілділікке және оқушы санының өсуіне байланысты қосымша оқулықтарға тапсырыс беріліп, мектептерге жеткізілген.

2021-2022 оқу жылында «Ауданның мемлекеттік білім беру мекемелері үшін оқулықтармен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 57536000 теңге бөлініп, аудан мектептеріне жаңартылған бағдарлама бойынша 1 сыныптың, 3 сынып (цифрлық сауаттылық), 7-8 информатика оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендер, көркем әдебиет және оқушы санының өсуіне байланысты қосымша оқулықтарға 12 баспаға тапсырыс беріліп, тасымалдаушы тораппен келісім-шарт бойынша 35 455 дана оқулықтар мен әдістемелік кешендер толықтай жеткізілгенін айтты.

Сонымен қатар, Индербор кентіндегі «Көктем» қазақ орта мектебі, М.Әуезов атындағы орта мектебі, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептеріндегі кітапханаларына бардым. Бақылау жұмысы нәтижесінде мектеп кітапханаларында кітап қорлары жеткілікті екендігін көрдім және ерекше айта кетсем М.Әуезов атындағы орта мектебінің кітапханасы заманға сай етіп жабдықталғандығы куантады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз