Ауданда «Дария» сұлулық салоны ашылды

Тәуелсіздік мерекесі күні қарсаңында ауданда жаңа «Дария» сұлулық салоны ашылды.

Бұл қуанышқа аудан әкімінің орынбасары, кәсіпкерлік саласының басшыларымен қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты. Салонда алдағы уақытта ерлер, әйелдер және балалардың шаш қиюымен, маникюр, бет әрлеу және массаж түрлерімен халыққа қызмет көрсетуді жоспарлап отыр.

Кәсіпкерлік нысанның ашылуы рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев кәсіпкерді халық үшін әрқашанда қызмет атқарып, ыстық ықыласына бөлене беруіне тілектестігін білдіріп, сәттілік тілеп, тұсаукесер рәсімін жасады.

Айта кетейік, нысан иесі Самал Ерлікқызы бес жыл көлемінде аудан халқының әдемі де көркем болып жүруіне атсалысып жүрген кәсіпкерлердің бірі. Алдағы уақытта кәсіпкер 1 адамды жұмыспен қамтымақшы. Сәні мен салтанаты жарасқан бұл кәсіпкерлік нысан көптің көңілінен шықты.

Толығырақ газеттің 20 желтоқсандағы санынан оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз