Атыраулық бас санитар соңғы қаулыға өзгеріс енгізді

Бас санитар дәрігердің қаулысына өзгерістер енгізілді - халыққа қызмет көрсету орталықтары мен республикалық маңызы бар көлік жолдарының бойында орналасқан вулканизация және дөңгелек ауыстыру нысандарының жұмысына рұқсат етіледі. 

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 тамыздағы №60 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Атырау облысы аумағында коронавирус  инфекциясының (COVID-2019) таралуын төмендету бойынша қатаң карантиндік шараларды одан әрі күшейту туралы» 05.08.2020 жылғы №61 Қаулысы. Атырау  облысының  тұрғындары  арасында  Сovid-19  коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  2020 жылғы 2 тамыздағы № 60 "Атырау облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуын төмендету бойынша қатаң карантиндік шараларды одан әрі күшейту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) қаулының 2-тармағының 24) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: 24) ұйымдар мен кәсіпорындарға, сондай-ақ ауыл және балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсетуді қоспағанда, автомобиль жуу, автомобиль көлігін (техникалық қызмет көрсету станциясын) жөндеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі қызметке тыйым салынсын»;

2) қаулының 2- тармағының 26 тармақшасы  келесі редакцияда жазылсын: «26) "Халыққа қызмет көрсету орталықтары  (оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-ның) жұмысын алдын ала брондау бойынша қатаң түрде Egov.kz, egovkzbbot 2.0 телеграмм-боты жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, CaII орталықтарының жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, мамандандырылған ХҚКО демалыс күндері сағат 09.00-ден бастап. сағат 15.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілсін»;

3) 2-тармақты 33-тармақшасымен толықтырылып, мынадай мазмұнда жазылсын: «33) Республикалық маңызы бар(Атырау-Ақтөбе, Атырау-Орал, Атырау-Астрахань, Атырау-Маңғыстау) автокөлік жолдарының бойында орналасқан шиномонтаж және вулканизация объектілерінің жұмысына рұқсат берілсін».

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Атырау облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ. Ғайнеденов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521