banner_damu

Атырауда коронавирус инфекциясының ошақтары анықталды

Қалада коронавирус инфекциясының 11 ошағы бар, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Атырау қаласында коронавирус инфекциясының анықталуына байланысты қалада індеттің 11 ошағы тіркелді.

- Шманов көшесі 63;

- Яблочная көшесі 2;

- Ардагер ықшам ауданы 2;

- Ұзын-Арал көшесі 30;

- Каспий ықшам ауданы 19;

- Жұлдыз ықшам ауданы 19;

- Нұрсая 52;

- Маденов көшесі 15;

- Жазықбаев көшесі 20;

- Құрылысшылар көшесі 147;

- Вокзал маңы ықшам ауданы 5-8;

«Коронавирустық инфекция ошағы» бұл Covid-19 індетін жұқтырған Атырау қаласы тұрғындарының тұрғылықты мекен-жайлары. Қазіргі таңда осы 11 үйдің тұрғындары оқшауланған, ПЦР тестінің нәтижесі бойынша барлығының дені сау. Тұрғындардың үйлері мен пәтерлеріне дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Жергілікті тұрғындарға ешқандай қауіпі жоқ.

Еске сала кетейік, індетті жұқтырған екі адам үйлеріне бармастан әуежайдан бірден оқшауланған болатын.

Сурет: дереккөзден

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика