Бүгін атыраулықтар ұлы ақынның 179 жылдығын атап өтті. Абай ескерткішінің алдында ұйымдастырылған шараға қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагердер және Х. Досмұхамедов университетінің профессор, ғалымдары қатысты. Жиналған қауым ұлы ойшылдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына құрмет көрсетті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Шарада Абай өлеңдері оқылып, жергілікті суретшілердің сурет көрмесі қойылды. Тұрғындан Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы «Абай — дана, Абай — дара қазақта» атты кітап көрмесі мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы жәдігерлерді тамашалады. Қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов Абайдың көзқарасы, заманауи ізгілік қағидаттары – біздің ұлтымыз бен халқымызды танудың төте жолы екенін айтты. ⁃ Абай күні еліміздің атаулы мерекелер тізбесіне енгізді.Міне, бүгін қазақ халқы үшін ерекше күн. Біз ақынды еске алып, оның жырларынан рухани қолдау табамыз. Ұлы Абай — біздің еліміздің мақтанышы ғана емес, әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол – қазақтың жан-дүниесінің тұңғиығына бойлаған дара тұлға». Себебі Абайдың жолы тек қазақ мәдениеті мен әдебиеті, ғылымында ғана емес, бар әлемге мұра. Дара, дана ақынның өсиетін орындап, үлгі тұтсақ алға өрлеріміз анық, - деді Н.Ермұханов.
Атырауда Абай күні аталып өтті
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 328