Атаңнан қалған мұра емес

Күнтізбеміздегі жылдар мен айлар алға жылжыған сайын заманымыздың да өзгеруі жасырын дүние емес. Уақыт өзгерген сайын кейбір мамандықтар өзектілігін жоғалтса, кей мамандықтар өз дәуірін тауып, кемеліне келіп, нағыз сұранысқа ие болуда.

Десек те, қай за манда, қай уақытта болмасын бір ұстаным өзектілігін жоғалтпақ емес. Бұл - кез кел ген қызметтің мемлекет игілігі үшін бо луы. Мемлекеттік қызметкерлердің халық игілігі үшін қажырлы еңбек етіп, ел даму ына елеулі үлес қосуының қажеттігі тайға таңба басқандай анық қағида. Ал біз сол мемлекеттік қызметті адал атқарып жүрміз бе?

Қазір мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру шеңберінде әкімшілік рефор маларды қарқынды жүзеге асыру жөнінде шаралар қолданып келеді. Президентіміз де өз сөздерінде білімді әрі талантты жа старды мемлекеттік қызмет саласында көргісі келетіндігін бірнеше мәрте айтқан болатын. Мемлекет басшысы білімділік пен дарындылықты қажет етеді деп атаған сала мамандарына адалдық та ауадай қажет екенін есімізден шығармағанымыз жөн.

Бұл жағдайға бірнеше бағытта назар салуымызға болады. Алдымен мемлекеттік қызметкерлердің кім үшін немесе не үшін жұмыс жасайтынына ой жүгіртейік. Мемлекет билігінің қайнар көзі халық екенін есімізге алсақ, мемлекеттік қызметкерлердің адал жұмысы халықтың жайлы, қамсыз тұрмыс кешуіне толығымен әсер етеді десек, қателеспейміз. Тағы бір себеп ретінде мемлекеттік қызметкердің адал да сәтті жұмысы қарапайым халық Баспасөз-2024 көңіліне сенім ұялатып, жарқын болашаққа деген үмітін сөндірмей ұстап тұра алады.

Яғни, бір сөзбен айтқанда, сіз бен біз күткен "Жаңа Қазақстанды" адал да са палы қызметкерлер құра алады. Әр ма ман өзі жасаған қадамның сұрауы бар екенін ескеріп, өз ісіне нақты есеп бере алатындай және өз пайдасын толығымен тигізе алатындай деңгейде қызмет көрсетсе ғана еліміз жаһандық бәсекеге қабілеттілер қатарынан ойып тұрып орын алар еді. Мен айналысатын мемлекеттік қызметтен бөлек, ұстаздар сапалы білімін берсе, жергілікті басшы лар ел игілігі үшін қызмет қылса, дәрігер мен төтенше жағдай қызметкерлері халық қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, нұр үстіне нұр емес пе?!

Ел ішіне бір қарын майды шіріткен құмалақтай індет болып енген жемқорлықтан әр ма ман бойын аулақ ұстауы керек. Он сыз да кейбір әріптестеріміздің заң мен адалдық шеңберіне симайтын әрекеттері мемлекеттік қызметкерлердің имиджіне орасан зор зиян келтіруде. Заң алдында да, ар алдында да сөзіміз бен ісіміз әділ жол мен жүруі тиіс. Адалдықтың әр сатысынан өткен сайын өзіміз үшін де, өзгелер үшін де биік тұлғалы елге айналамыз.

Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызмет – атамыздан қалған мұра емес. Бұл – ел ал дында арқалаған ауыр жүгіміз, міндетіміз. Жұмысымыз қаншалықты адалынан болса, пайдамыз соншалықты молынан бола түседі. Егемен еліміздің игілігі жолында, халқымыздың, ұл-қыздарымыздың ке мел келешегі үшін біз бүгін адал еңбек атқаруымыз керек деп есептеймін.

Г.ШҮЙІНІШҚАЛИЕВА,

аудандық қазынашылық

басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT