Ақынға арналған әдеби кеш өтті

Аудандық балалар кітапханасында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай "Хан Тәңірдегі асқақ тұлға" атты әдеби кеш болып өтті.

Ақынның өмірбаяны мен өлеңдерінен сыр шертілген кеште интерактивті тақтадан ақын туралы слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.

mukagalimayau

Әдебиет саласында 25 жылдай қалам тербеген Мұқағали ақынның 1000-нан аса өлеңі болса, шараға қатысқан Көктем, М.Әуезов орта мектептерінен келген оқушылар "Сәби болғым келеді", "Өмір жайлы", "Ақынға", "Үш бақытым", "Туған күн", т.б. сынды бірқатар өлеңдерін жатқа айтты. Орал қаласында білім алып жүрген 1 курс студенттері Ақтілек Әлібекұлы мен Баубек Жұмаш та ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп айтып берді.

khan-tanirdegi-askak-tulga

Ал ақынның өмір жолдарына, шығармаларына арналған "Мұқағали" сөзжұмбағын шешуде оқушылар тапқырлық танытты.

kesh-tti-adebial

Шара соңында аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Болған Әмірғалиқызы шараға қатысқан оқушыларға өз алғыстарын айтып, сыйлық табыстады.

А. Тұрғалиұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521