АНА ТІЛІН МЕНСІНБЕУ - АРСЫЗДЫҢ ІСІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы жаһандану дәуірінде өркениет үдерісінің мәресіне жетудің ғылыми негізделген айқын бағдарламасы.

Жеті тараудан тұратын сара жолымызды көрсеткен ересек тағылым. Бұл баяндамада Қазақстанның халықаралық аренадағы орыны және дүние жүзін алаңдатқан коронавирус кезінде халқымыздың денсаулығы үшін істелген қисыны күрделі жұмыстардың ойдағыдай атқарылуын естіп, таныстық. Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру, өңірлік саясатты жетілдіру, еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау, ұлттың ұйысуы-одан әрі дамудың басты факторы бүгінгі күннің көкейтесті проблемаларының мәнін жанжақты айқындады. Және де жақын арадағы атқарылар жұмыстың негізгі басымдықтарын айқындап берді.

Президент ұсынған бес бастаманың өзектілігі айдан анық. Сонымен қатар, «Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі» деп қадап айтты. Қазақ тілі шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда,- деп Елбасы Қазақстандағы жүз отыз ұлт пен ұлыстың назарын аударды. Бір кезде тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік алғанымыға 19 жыл болды. Осы мерзімде қазақ тілін саналы адам түгіл, аюдың да үйренетін мүмкіндігі болды емес пе?» - деген аталы сөзінің заңды жалғасы іспетті, - бұл Қ.Тоқаевтың айтқан сөздері. Тіпті «Әуелі қазақпен қазақ өз ана тілінде сөйлессін» деген жоқпа еді Елбасы. Өзге ұлт өкілдері қазақ тіліне үйреніп, өзара түсінісу дәрежесіне жетті.

Осыншама уақытта қазақ тілін үйреніп жетік білмеу – ұят әрі масқара! «Меніңше, күнделікті қарнының тоқтығын ойлайтын кейбір шенеуніктердің қазақ тілінің – мемлекеттік тілдің дамуына жете мән бермеуі санамызға селкеу түсіреді. Тіл жойылса ұлт жойылады, ұлт жойылса мемлекет жойылады емес пе?! Осыны зерделейік қаракөздер. Өз ана тілінде сөйлемегендіктен адамзат жаралғалы жер бетінен алты мың ұлт жабылғанын қазақтың жамбоз ақыны Мұхтар Шаханов баспасөздегі мақалаларында қалың жұртшылыққа ескерткен. Сондықтан Жолдауды қолдап, ондағы көтерілген мәселелер мемлекеттігіміздің дамуына бағытталғандықтан оның жүзеге асуына баршамыз атсалысқанымыз жөн.

Кеңес САХИ,

Қазақ журналистикасының қайраткері, ауданның құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521