Аққала орта мектебінің Парламенті қызықты жобаларды жүзеге асыруда

Аққала орта мектебінің парламенті – оқушылардың белсенділігін арттырып, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған ұйым болып саналады.

Парламент жетекшісі Ескаирова Гүлзара мен мектеп президенті Сағытжан Сәтжан Сержанұлының бастауымен, көптеген қызықты жобалар жүзеге асырылуда.

"Көңілді үзіліс" пен "Оқушылармен біргеміз" атты кештері, "Кинотайм" іс-шарасы, сондай-ақ дебаттар, квиздер, спорттық эстафеталар мен квесттер арқылы оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік жасалып отыр.


Сонымен қатар оқушылардың пікіріне құлақ асып, олардың белсенділігі мен шығармашылығын дамытуға бағытталған шараларды үнемі жүргізіп келеді.

Аққала Орта Мектебі Парламентінің Жұмыстары: Оқушылармен Біргеміз!

 

Жұлдыз ЖАМБЫЛҚЫЗЫ,

Ақпарат фракциясының көшбасшысы

Индер ауданы

Аққала ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT