АЭС салу ауадай қажет

Жалпы электр стансаларының өзі жылу электр орталығы (ЖЭО), атом электр стансасы (АЭС), су эектр стансасы (СЭС), күн электр стансасы (КЭС) және жел электр стансасы (ЖЭС) болып бөлінеді. Осылардың ішінде елімізде АЭС салу елдегі электр энергиясының тапшылығынан туындап отырған күрделі мәселе.

Қазірдің өзінде Қазақстанның 5 қаласында энергетикалық жабдықтар 80 пайызға тозған. Оның ішінде, ЖЭО негізгі жабдықтарының орташа тозуы – 66 пайыз. Орал, Тараз, Кентау, Қызылорда және Степногорск қалаларында ЖЭО энергия жабдықтарының тіпті 80 пайыздан астамының тозығы жеткен. Генерациядағы ағымдағы тозу деңгейі ЖЭС және ГЭС (жоқ ЖЭК есебінде) шамамен 57,5 пайызды, ал ЖЭО жабдығының орташа тозуы 66 пайызды құрайды. Сондай-ақ, 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда технологиялық желілердегі бұзушылықтар көрсеткіші де өскен. Сондықтан Қазақстанда атом электр стансасын салу ауадай қажет. Мұның ең алдымен экономиканы оңтайландыруға әсері мол. Энергетикалық қауіпсіздік орнап, экологиялық байланыс та арта түседі.

Даниал НАРИМАНҰЛЫ,

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521