Адасқан Димаш үйіне қайтарылды

Индербор кентінде саябақта адасып жүрген Димашты полицейлер үйіне қайтарды, деп хабарлайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

Атырау облысы Индер аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы полиция лейтенанты Айдана Амангельдиева күндізгі қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде Индербор кентінде орналасқан саябақтың ішінде жас шамасы 2-3 жастағы кішкентай баланың жалғыз отырғанын байқайды.

Кішкентай сәбидің бір өзі отырғанына алаңдаған полиция инспекторы қасына барып, айналадан баланың анасын, ересектерді іздеп, өтіп бара жатқан адамдардан сұрастырғанымен, танитындар болмай шықты. Айдана бөбекті полиция бөліміне алып келеді. Баланың дене қызуы көтеріліп, мазасызданып тұрғанын байқаған Айдана, дереу аудандық емханаға апарып, дәрігерге қаратып, тексертеді. Сәбиді тексерген дәрігер, оның тыныс алу жолына салқын тигенін айтады.

Арада шамамен 3 сағат өткеннен кейін іздестіру барысында баланың ата-анасы анықталып, полиция бөліміне шақыртылды.

Балаларын қараусыз қалдырған ата-анасынан түсініктемелер алынды. Сәбидің есімі Димаш, отбасымен осы саябақ жанында тұрады, анасы жиі осында қыдыратын көрінеді. Сол күні үйден өз бетімен шығып кеткенін ешкім байқамаған. Қазіргі уақытта кішкентай Димаштың жағдайы жақсы, ата-анасына табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз