АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА «QARGALYFEST» МУЗЫКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ ӨТТІ

Ақтөбе облысында кеше, 28 тамыз күні Қарғалы су қоймасы аумағында «QargalyFest» музыкалық фестивалі және «Qazaqman» триатлоны жарысының алғашқы күні өтті. Фестивальге қала тұрғындары, шақырулы қонақтар, өңірлік және эстрада жұлдыздары және Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қатысты. Шара барысында өңір басшысы фестиваль жұмысымен танысып, облысымыздағы туризмді дамыту мақсатымен қолға алынған жобаға сәттілік тіледі. Аталмыш іс-шараны облыс тұрғындары арасында ішкі және оқиғалық туризмді дәріптеу мақсатында «VisіtAktobe» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырды.

i

Фестиваль аясында өткен «QAZAQMAN» триатлоннан жарыста Қазақстанның түрлі қалаларынан 140-тан астам мықты спортшылар, оның ішінде кәсіби триатлеттер де қатысты. Қатысушылар 2,5 км. жүзу, 50 км. веложарыс және 13 км. жүгіруден командалық және жеке сынақтан өтті.

Ішкі туризімді дамытуға және облыс тұрғындарына мерекелік көңіл – күй сыйлау мақсатында өтетін екі күндік фестиваль аясында қолөнершілер мен қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкелері, спорттық шеберлік сыныптар, түрлі жәрмеңкелер, балалар алаңы, фудкорттар мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Кеш соңында өтетін концерттік бағдарламаға Qanay, «Орда» тобы, Kali, Maqlao, Ka-Re және Abdr сияқты жұлдыздар қатысады. Фестиваль мерекелік отшашумен аяқталады.

img-20220829-wa0056

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз