АҒАЙЫНДЫ АЗАМАТТАР ӨТКЕН ІСКЕ ӨКІНЕДІ

Полиция бөлімшелері және пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың тарапынан құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара 17-23 маусым аралығында өтті.

Онда пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтар тұрғылықты жері бойынша тексеріліп, олармен сұхбат жүргізілді. Пробация есебіне ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабымен сотталығы бойынша тіркеуге алынған ағайынды А.Қ, Н.Қ, Е.Қ. есімді азаматтар өз ойларын сөз етіп, өткен іске өкінетіндіктерін айтты. Сондай-ақ дәл осы бап бойынша сотталған А.А. есімді пробация қызметінің нәтижесінде медициналық көмек алғандығын жеткізді. Айта кетейік, аудан бойынша 21-60 жас аралығындағы пробация қызметінің есебінде 39 адам және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 12 азамат тіркелген.

Оның ішінде пробация қызметінің есебіндегі 34 азамат жұмыспен қамтылған. Ал соңғы алты айда пробация қызметкерлерінен есепке алынған азаматтарды түзелу жолына бағыттау шарасы және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілген болатын. Соның ішінде 8 азамат жұмысқа орналасса, 3 сотталған азаматқа қаржылай және 14 сотталғанға медициналық көмек көрсетілген.

Тоғжан САЙЫН,

Х.Досмұхамедов атындағы АтМу студенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз