Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасымен ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысына сәйкес мемлекеттік қызмет туралы және Әдеп кодексі талаптарының сақталуы мәселесі бойынша 51 тексеру жүргізілді.
Жүргізілген тексерудің қорытындылары бойынша 195 бұзушылық анықталды. Анықталған заң бұзушылықтарың жалпы санынан 42 – конкурс өткізу қағидаларының талаптарын, 15 – азаматтардың өтініштерін қарау барысында, 17 – мемлекеттік қызметшілермен негізгі міндеттерін орындау, 12 – сынақ мерзімін және тәлімгерлерді бекіту, 109 – басқа да мемлекеттік қызмет және әдеп саласындағы заңнама талаптарының бұзылуымен байланысты болған. Тексеру қорытындылары бойынша барлығы 29 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1 – қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, 4 – қатаң сөгіс, 10 – сөгіс және 14 – ескерту.
Динара Сағидоллақызы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Атырау облысы бойынша департаментінің
басқарма басшысы